Ережелер мен Шарттар

1. Қолдану саласы. 1.1. Пайдаланудың осы жалпы талаптары (бұдан әрі – «Пайдалану талаптары») Тіркелген компаниялардың Халықаралық жеке бизнес күні Платформасына (бұдан әрі - «Платформа») [ ] (бұдан әрі – «Жеткізуші») қатысу үшін пайдаланылады. Пайдалану талаптары тек компанияларға қолданылады. 1.2. Жеткізушімен шарттық қарым-қатынастарға Пайдалану талаптарының тіркеу сәтінде қолданыстағы нұсқасы қолданылады. Пайдалану талаптары ерекше негізде қолданылады. Кез келген қарама-қайшылықтар немесе сәйкеспейтін мерзімдер мен Пайдаланушы талаптары қолданылмайды, ал Жеткізуші осымен мұндай мерзімдер мен талаптарды қолданудан бас тартады. 2. Платформаның мақсаты. 2.1. Жеткізуші Платформаны Халықаралық Жеке Бизнес Күнін (бұдан әрі – «ХЖБК») жарнамалау үшін пайдаланады. Пайдаланушылар Платформада ХЖБК аясында арнайы ұсыныстарын жарнамалай алады және ақпарат, сыртқы мазмұнына сілтеме және басқа деректер ұсына алады (бұдан әрі – «Шеттегі контент»). Пайдаланушылардың Платформаны өз ауданында Шеттегі контентке қатысты ақпарат алу үшін пайдалануына болады. 2.2. Пайдаланушылармен қоса Платформаға тұтынушылар да қол жеткізе алады. Тұтынушылар Платформаны пайдалану үшін тіркеле алмайды. 3. Тіркеу. 3.1. Пайдаланушылар Платформаға тіркелер алдында, жазылу үрдісіне қажет болатын ақпаратты ұсынуы тиіс. 3.2. Тіркелудің сәтті аяқталуын Жеткізуші растайды. Жеткізуші, өз қалауы бойынша пайдаланушылардың Платформаға кіруіне қатысты шешім қабылдай алады. 3.3. Тіркелу үшін METRO KZ клиенті болу міндетті емес. 4. Шығындар. Платформаға тіркелу және оны пайдалану тегін жүзеге асырылады. 5. Пайдаланушының міндеттемелері. 5.1. Пайдаланушы өз ақпаратын тұрақты түрде жаңалап отыруға міндетті, және қажет болса ұсынысын да жаңалауы тиіс, атап айтқанда заңның қолданылатын қағидаларын және заңды тұрғыда міндетті қағидаларды сақтау үшін жаңалауы тиіс. 5.2. Пайдаланушы Жеткізуші мен Пайдаланушы арасындағы хат-хабар алмасу мақсатында хабарласатын тұлғаны көрсетуі тиіс. Мұндай хабарласуға болатын тұлға тапсырысты қарау үрдісінің барысында Жеткізушіге қолданыстағы электрондық поштаның мекенжайын беруі тиіс. 5.3. Пайдаланушы Жеткізуші немесе Метро Тобының басқа компаниясы ұсынған жарнамалық материалдарды қолдана отырып, Шеттегі контент шегінен тыс ХЖБК жарнамалай алады. 5.4. Пайдаланушының Шеттегі контент арқылы немесе соған байланысты немесе кез келген басқа құралдарға байланысты, оның ішінде вирустармен, троянмен, басқа зиянды кодтармен, файл-кукилармен, флэш-кукилармен немесе қадағалау пиксельдерімен қоса пайдалануға дайын техникалық бағдарламаларды, бағдарламалық секцияларды, скрипттерді немесе басқа кез келген түрдегі деректерді орнатуға немесе иеленуге (бұдан әрі аталғандардың барлығы – «Тыйым салынған технологиялар») құқығы жоқ. Пайдаланушы Шеттегі контенттердің Тыйым салынатын технологияларсыз ұсынылғанына кепілдік береді. 5.5. Пайдаланушы Платформаны пайдаланғанда және Шеттегі контентті жасағанда қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға міндеттенеді. Атап айтқанда, Пайдаланушы Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына, адал емес бәсекелестікке қатысты Кәсіпкерлік кодексін және авторлық құқықты, сауда белгісін (сауда маркасы) қорғау туралы қағидаға қатысты Азаматтық кодекске және Қазақстан Республикасы Заңнамасының өзге талаптарына сәйкес әрекет етуі тиіс. 5.6. Пайдаланушы Жеткізушіге Пайдаланушы құқығының бұзылуынан және соған байланысты туындаған үшінші тұлғалардың кез келген нарызылығын өтеп беретініне және одан қорғайтынына кепілдік береді. 6. Жеткізушінің құқығы. 6.1. Жеткізушінің Пайдаланушы өзінің 5 бапта қарастырылған кез келген міндеттемесін бұзған жағдайда Пайдаланушының Платформаға қол жеткізуін шектеуге құқығы бар. Жеткізуші мұндай шектеу қойғаны туралы Пайдаланушыға тез арада хабарлауға міндеттенеді. Бұл ретте 6.2 тармақтың қағидасы өзгеріссіз қалады. 6.2. Жеткізушінің Пайдаланушымен алдын ала хабарлаусыз Шартты бұзуға және Пайдаланушы өзінің 5 бапта қарастырылған міндеттемесін орындамаған немесе қайтадан бұзған жағдайда Пайдаланушының бүкіл Шеттегі контентін алып тастауға құқығы бар. Бұл Пайдаланушы өзінің маңызды міндеттемелерін бұзған және (немесе) қомақты зиян келтіру қатері орын алған жағдаймен тең дәрежеде қолданылады. 7. Шеттегі контентке қатысты жауапкершілік. 7.1. Жеткізуші Шеттегі контент үшін жауап бермейді. Атап айтқанда, Жеткізуші Шеттегі контенттің ақиқат болып табылатынына және (немесе) белгілі бір талаптарға жауап беретініне немесе қандай да бір мақсатта пайдаланылатынына кепілдік бермейді. 7.2. Жеткізуші ұсынған контент айқын көрсетілген үлгіде жеке контент ретінде белгіленеді. 7.3. Бенефициарлар, атап айтқанда авторлық құқықтар иелері немесе жылжымайтын мүлікке басқа құқықтар иеленушілер өз құқықтарын бұзатын Шеттегі контентті алып тастау туралы хабарлауы және талап етуі ықтимал. Пайдаланушылар Жеткізушіге кез келген уақытта Платформаның заңсыз пайдаланылуы туралы хабарлауы мүмкін. Оған Пайдаланушының жеке басына қатысты жалған өтініштерді пайдалану немесе оның жалған жиналымдар науқаны және дербес деректерді пайдалануы («дербес деректерді ұрлау») кіруі мүмкін. 7.4. Жеткізуші мұндай Шеттегі контентті дереу алып тастауға құқылы, егер ол расында заңсыз болып табылса және (немесе) оны алып тастамаса Жеткізушіге қомақты зиян келтіру қатері бар болса. Расталған Пайдаланушы Платформаға кейіннен жариялау мақсатында Жеткізушіге Шеттегі контенттің заң талаптарына сәйкестігін дәлелдей алады. 8. Шарттың әрекет ету мерзімі; оны бұзу. 8.1. Жеткізуші мен Пайдаланушы әрекет ету мерзімі шектелмеген Платформаны пайдалану туралы шарт жасайды. Жеткізуші мен Пайдаланушы шартты келесі қағидаларды ескере отырып, бұзуы мүмкін: Пайдаланушы алдын ала хабарлаусыз кез келген уақытта шартты бұзуға құқылы. Жеткізуші шарт бұзу көзделген күнге дейін 7 (жеті) күн бұрын алдын ала хабарлау арқылы шартты бұзуға құқылы. 6.2 тармақта қарастырылған бұзу құқығы өз күшінде қалады және өзінің жарамдылығын сақтайды. 8.2. Жеткізуші Пайдаланушы дербес деректерді жинауға, пайдалануға және өңдеуге берген өз келісімін кері қайтарып алған жағдайда шартты бұзуға құқылы. 8.3. Жеткізуші Платформаның қызметін тоқтатуға құқылы, егер бұл экономикалық жағдайға немесе заң күшіне байланысты талап етілсе немесе олардың салдарынан қажетті болып табылса. 9. Пайдалану құқығы. 9.1. Пайдаланушы Жеткізушіге Платформада және (немесе) соған байланысты пайдалану мақсатында шарт аясында ұсынылған кез келген тасымалдаушыларды, ақпараттарды, логотиптерді, графикалық кескіндерді, фотосуреттерді және басқа материалдарды (бұдан әрі - «Материал») тегін, қайтып алмайтын, аумақтық шектеусіз пайдалану құқығын береді. 9.2. Пайдаланушы Жеткізушіге Материалдан және соған байланысты туындайтын үшінші тұлғалардың кез келген наразылығын өтеуге кепілдік беруге міндеттенеді. 9.3. Жеткізуші Пайдаланушыға [Активтеу жинағын] платформада және соған байланысты өтеусіз, жоққа шығарылмайтын пайдалану құқығын береді. 10. Жауапкершілігі Жеткізуші тегін берілген [Активтеу жинағынан] немесе оған байланысты, және Платформаны пайдаланудан пайда болған шығын үшін жауап бермейді, Жеткізуші кінәлі әрекеттерді қасақана жасағаннан немесе Жеткізуші тарапынан алаяқтық әрекет орын алғаннан өзге жағдайда. 11. Өзгерістер енгізу құқығы. Жеткізуші Пайдалану талаптарына өзінің қалауы бойынша орынды қажеттілікке ие дәрежеде өзгерістер немесе қосымшалар енгізу құқығын өзінде қалдырады, ал Пайдаланушы осымен бұл әрекеттен әділдік және адалдық қағидаларының негізінде ешқандай теріс әсерге ұшырамайды. Мұндай толықтырулар мен өзгерістер туралы Жеткізуші жазбаша түрде Пайдаланушының назарына жеткізеді. Пайдаланушы өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы хабарлама алғаннан кейін бір ай ішінде жазбаша түрде наразылық тапсырмаған болса, Толықтырулар мен өзгерістер мақұлданды деп саналады. Жеткізуші мұндай өзгерістер мен толықтырулар жасауға қатысты алдын ала хабарлама жолдағанда оған себеп болған жағдайға лайықты сілтеме көрсетуі тиіс. Жеткізуші Пайдаланушы наразылық тапсырған жағдайда да шартты бұзуға құқылы. 12. Қорытынды қағидалар. 12.1. Тараптар арасында Платформаны пайдаланудан немесе соған байланысты туындаған заңды сипаттағы дау шыққан жағдайда, мұндай даулар тек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуге жатады. 12.2. Дауларды шешу «МЕТРО Кэш энд Керри» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орналасқан орны бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 32 бабының қағидасы толық күшіне қалады және өз әрекет жарамдылығын сақтайды. 12.3. Егер Пайдалану талаптарының жекелеген қағидалары жарамсыз болып қалса немесе толық емес болса, оның қалған қағидалары толық мәнінде жарамды болып қала береді. Келісімге келетін тараптар жарамсыз қағиданың орнына жаңа қолданыстағы қағидаға келісуі тиіс, ол жаңа қағида жарамсыз болып қалған қағидада қарастырылған экономикалық мүддені барынша мүмкін дәрежеде мазмұндауы тиіс. 12.4. Веб-сайттың мазмұны авторлық құқық құқығы туралы қағидамен қорғалған. Алайда, METRO AG компаниясы сайттаға мәтіндік материалдарды толық немесе ішінара сақтау немесе тарату құқығын береді. Авторлық құқық туралы қағиданың шектеулеріне сәйкес суреттердің деректер базасының атауының астында орналастырылған материалдардан өзге суреттерді немесе графикалық материалдарды оларға ілесетін веб-сайттарда кез келген сақтау немесе таратуға тыйым салынады. Авторлық құқық осы суреттердің деректер базасына таралады. 13. Осы веб-сайттағы ақпарат тауар сатып алуға арналған жарнама немесе компания акцияларын алуға шақыру болып табылмайды. METRO AG компаниясы сайтта ұсынылған ақпаратты орындау нәтижесінде немесе сол ақпаратқа кез келген байланыстылыққа қатысты қандай да бір тікелей немесе жанама шығындар, оның ішінде бос жіберіліп алған пайда үшін жауап бермейді.